"Михайловка ауылының "Колокольчик" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное козенное комунальное предприятие "Ясли-сад  "Колокольчик" села Михайловка"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тегін тамақтану

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 949 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен. "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.08.2022 № 544 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидалары бекітілсін. Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 949 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен. 2. Мыналардың: 1) "Қазақстан Республикасында орта білім жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 тамыздағы N 812 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 29, 258-құжат), 1-тармағының, 3-тармағы 2) тармақшасының; 2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 тамыздағы N 812 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 шілдедегі N 1047 қаулысының 1-тармағы 3) тармақшасының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидалары Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.11.2023 № 993 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 21) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің мынадай санаттарына: 1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға; 2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға; 3) отбасыларда тұратын жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; 4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға; 5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына (бұдан әрі – білім алушылар мен тәрбиеленушілер) қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен есепке алу тәртібін айқындайды. Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының алқалы басқару органы болып табылады. Осы Қағидалардың 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың санатын білім беру ұйымының алқалы органы Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамасына сәйкес ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің не кәмелетке толған білім алушының (бұдан әрі – өтініш беруші) өтінішіне сәйкес білім алушылар мен тәрбиеленушілер отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын қарап-тексеру актісі негізінде айқындайды және бастауыш сыныптарда білім алатын тұлғаларды қамтиды. 2-тарау. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен есепке алу тәртібі 2. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге жұмсалатын қаражат көлемі жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде екі пайызы мөлшерінде мемлекеттік білім беру ұйымдары арасында осы Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген санаттарға жатқызылған білім алушылардың және тәрбиеленушілердің контингентіне барабар бөлінеді. 3. Қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін бюджет қаражаты: 1) киім, аяқ киім, мектеп-жазу керек-жарақтарын сатып алуға; 2) білім беру ұйымында болған кезеңде бір рет тамақтандыруды ұйымдастыруға; 3) қаржылай көмек көрсетуге; 4) мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларға қатысуға; 5) жалпы білім беретін пәндер бойынша қосымша сабақтарды (бұдан әрі – қосымша сабақтар) ұйымдастыруға жұмсалады. Қаржылай көмек көрсету осы Қағидалардың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін жүзеге асырылады. Қаражатты жұмсаудың басым бағыты білім беру ұйымында болған кезеңде бір рет тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады. Бастауыш сыныптардың білім алушыларына материалдық көмек көрсетудің бір түрі қолданылады – білім беру ұйымында болған кезеңде бір рет тамақтандыруды ұйымдастыру. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдары әрбір білім алушы мен тәрбиеленушіге киім, аяқ киім, мектеп-жазу керек-жарақтарын сатып алуға арналған бюджет қаражатының көлемін қолданыстағы республикалық бюджет туралы заңнамаға сәйкес ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен емес мөлшерде белгілейді. Осы Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген санаттарға жатқызылған білім алушылар мен тәрбиеленушілерге киім, аяқ киім, мектеп керек-жарақтарын сатып алу үшін материалдық көмек қаражат алынған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде өтініш беруші берген өтініш негізінде ақшалай нысанда жүзеге асырылып, білім беру ұйымына қаражаттың нысаналы пайдаланылуы (сатып алынған тауарлардың атауы көрсетілген шығыстар туралы растайтын құжат) міндетті түрде құжаттамамен расталады. Жергілікті өкілді органдар қала сыртындағы және мектеп жанындағы демалыс лагерьлеріне жолдамалар беру үшін жергілікті бюджеттерде қосымша қаражат көздей алады. Оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша бөлінген оқу уақытынан тыс пәндер (пәндер және пәндер циклдері) бойынша білім алушылармен және тәрбиеленушілермен қосымша сабақтар ұйымдастыруды мемлекеттік білім беру ұйымдары қашықтан оқыту кезінде пайдаланылатын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және телекоммуникациялық құралдар арқылы жүзеге асырады. 4. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсету Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамасына сәйкес өтініш беруші берген өтініш негізінде жүзеге асырылады. 5. Осы Қағидалардың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген білім алушылар мен тәрбиеленушілерді қоспағанда, осы Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген тұлғалардың санаттарына жатқызылған білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім алуы кезеңінде қаржылай және материалдық көмек алу құқығы білім беру ұйымына құжаттар ұсыну арқылы бір оқу жылында бір рет расталады. Қаржылай және материалдық көмек: 1) көрінеу жалған ақпарат және (немесе) дәйексіз құжаттар ұсынған тұлғаларға (отбасыларға); 2) материалдық-тұрмыстық жағдайын қарап-тексеру нәтижелері бойынша дайындалған алқалы органның қорытындысына сәйкес қаржылай және материалдық көмектің берілуіне мұқтаж емес тұлғаларға (отбасыларға) тағайындалмайды. 6. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражаттың мақсатты жұмсалуын білім беру ұйымдарының бірінші басшылары қамтамасыз етеді. 7. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражаттың түсуі мен пайдаланылуын есепке алуды білім беру саласындағы уәкілетті органның немесе білім ұйымының қаржы қызметі жүзеге асырады. Білім беру ұйымдары 30 қыркүйекке, 30 желтоқсанға, 30 наурызға және 30 мамырға дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органға жүргізілген жұмыстың қорытындылары бойынша еркін нысанда есеп беріп тұрады.
Жаңартылған күні: 12.11.2024 11:15
Құрылған күні: 12.11.2024 11:15

Текст