Текст
«Мені қуып жетіңдер» Ойын-сауық
Балалар бөлменің бір қабырғасын бойлай қойылған орындықтарды немесе алаңда
отырады. Тәрбиеші: «Мені қуып жетіңдер», - дейді де алыңның қарсы жағына
жүгіреді. Балалар тәрбиешінің соңынан жүгіріп, оны ұстауға тырысады. Одан кейін
тәрбиеші тағы да: «Мені қуып жетіңдер», - дейді де қарсы жаққа қарай жүгіреді,
балалар оны қайтадан қуалайды. Екі рет жүгіргеннен кейін балалар орындықтарға
отырып дем алады. Одан кейін ойын қайта басталады.
Ойынды азғана балалар тобымен өткізген дұрыс: балалардың бір тобы ойнап
жатқан кезде екінші тобы қарап тұрады, одан кейін балалар рөлдермен ауысады.