Текст
Кішкене өзен арқылы.
Тәрбиеші екі сызық сызады да (үйдің ішінде жіпті пайдалануға болады) балаларға:
мынау – «өзен», - дейді; оның үстіне тақтайдан көпір (ұзындығы 2-3м, ені 25-30см)
салады да балаларға: «Көпір арқылы жүруді үйренейік», - деп ұсынады. Балалардың
бір-біріне соқтығыспай тек тақтайдың үстімен ғана жүруін бақылай отырып, тәрбиеші
балаларға суға құлап кетпеуі үшін жай жүру керек деп ескертеді: балалар тақтаймен
ары-бері 2-3 рет жүріп өтеді.