"Михайловка ауылының "Колокольчик" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное козенное комунальное предприятие "Ясли-сад  "Колокольчик" села Михайловка"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Асық ойнау тәртібі

18.04.2017

Алшы

Ойын басталар алдында

әрбір ойыншы сақасын иіреді. Кейде барлық ойыншылырдың сақасын бір бала уыстап

алып, жерге шашады. Кімнің сақасы алшы түссе, сол ойынды бірінші бастайды

Ойынға қатысушылар әр ойыншы үш-төрт асық тігіп, кезегімен ата бастайды. Сақа

мен асық иірген кезде бірдей жағымен түскен болса, асықты алып әрі қарай ата

береді. Сақа алшысынан түсіп, асық басқаша жатса да, асықты алады. Сақа мен

асықтың жатысы сәйкес болмаса, асықты алуға болмайды. Кезегін келесі ойыншыға

береді. Осылайша жердегі асықтар таусылғанға дейін ойын жалғаса береді.  

 

Оңқа

Бұл ойын таза алаңдарда, үлкен бөлмелерде ойналады. Ойынның

мақсаты-асық ұту. Ойнаушылар арасы 10 қадам екі түзу сызық сызады да, дәл

ортасындағы сызыққа әрбір ойыншы өз асықтарын тігеді (тізеді). Тігілген

асықтардың ортасынан бір асықты мұртынан оңқа тұрғызады. Ойнаушылар бірінің

артынан бірі кезектері бойынша қатарға тұрып, қолдарындағы сақаларымен оңқаны

ата бастайды. Егер кімде-кім оңқаға тигізсе, онда тігілген асықты түгел алады.

Ал оңқағы тигізбей жанындағы асықтарға тигізсе, онда ол атқан асығын ғана

алады. Асық таусылған сайын, қайтадан тігіліп отырады.

Хан

Ойыншылар кезегімен барлық асықтарды жинап алып, қос

қолдап иіре бастайды. Әр ойыншы 5-6 асықтан шығарады. Көк асықтың ішінен бір

белгілі, түсі бөлек асықты “хан” сайлайды. Барлық асықты иірген кезде “хан”

ашық жатса, ханмен асықты атады. Айталық, “хан ” бүк түссе, “ханмен” бүк жатқан

асықты атады, шік түссе, шік жатқан асықты атады. Ойынның шарты бойыншы:

“ханмен” асықты атқан кезде басқа асықтарды қозғамау керек. Сөйтіп, ойынның

шарты бұзылғанша, не болмаса, “ханмен” ататын асық болмай қалғанға дейін атып,

асығын ала береді.

 

Асық ату

Аумағы 2-3 қадамнан

тұратын шеңбер сызылады. Ортасына әр ойыншы келісім бойынша екі-үш асықтан

тігеді. Сақасын иіру арқылы кезек алған ойыншылар 5-7 қадамдай жерде тұрып,

тігілген асықтарды сақамен ата бастайды. Ойыншы сызықтың сыртына шыққан асықты

ғана алады. Егер ойыншы бірде-бір асықты шеңбердің сыртына шығара алмаса,

ойыннан шығады. Ойыншылардың бәрінің

кезегі біткенде ойын қайта жалғасады.

 

    

 

Просмотров: 369


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст