14.06.2020
Жаңбырды бақылау.
Мақсаты:
Табиғат құбылысы жаңбырмен танысу.
Бақылау барысы:
Жаңбыр жауып тұрған күні жаңбырдың тамшылары жерге түсіп жатқандығын терезеден бақылау. Тәрбиеші алдын ала терезенің сыртына ыдыс қойып қояды. Ал сосын балалармен сартылдап ағып жатқандығын тыңдайды.
Жау жау жаңбыр,жау жаңбыр
Арық суы мол болсын
Өсімдіктер көп болсын
Жүрген жерде шөп болсын.
Еңбек әрекеті:
Жаңбырдың суымен бөлме өсімдіктерін суару.
Мақсаты:
Бөлме өсімдіктерін күте алуға қолғабыс ету.
Қимыл қозғалыс ойыны:
«Күннің көзі мен жаңбыр»