"Михайловка ауылының "Колокольчик" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное козенное комунальное предприятие "Ясли-сад  "Колокольчик" села Михайловка"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Серуен

15.06.2020 Серуен Ауа райын бақылау. Мақсаты: Жыл мезгілінің қасиеттеріне қарай ажырата білуге үйрету. Бақылау барысы: Балаларға аспанда күннің көзі барма екенін қарауды ұсыну. Бұлттар күннің көзін не істеді? (Жапты) Аспан қандай? (Бұлтты) Ауа-райы ше? (Бұлыңғыр) Балалардың назарын ағаш басына аудару. Ағаштардың шайқалып қозғалады. Себебі:оларды жел тербейді. Еңбек әрекеті: Ауладағы құмды суару. Мақсаты: Ауладағы тазалық пен тәртіпті сақтауға дағдыландыру. Құрғақ құмнан,ылғалды құмның пайдасы бар екендігін ұғындырып,одан бауырсақ жасауға болатындығын үйретіп бекіту. Қимыл-қозғалыс ойындары: «Автомабиль мен торғайлар» Мақсаты: Белгі бойынша бірін бірі итермей,шапшаң жүгіре алуға үйрету. Өз орнын таба алу. «Затты абайла» Мақсаты: Кеңістікте белгі бойынша әрекет етуге үйрету,ептіліктерін дамыту. Жеке жұмыс: Қимыл қозғалысын дамыту. Шығарылатын материал: Әр балаға ойнауға арналған суқұйғыш,текшелер мен пішіндер.
Просмотров: 317


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст