Текст
Маймылдар.
Ойында гимнастикалық қабырға немесе (учаскеде) үш қырлы кішкене дуал
пайдаланады.
Тәрбиеші бүгін балалар маймылдарша өрмелеуге үйренетінін айтады да екі-үш
балаға сатының қарсы алдында тұруды, сөйтіп, бірнеше баспалдаққа көтерілуді
ұсынады. Балалар 5-6 баспалдақ көтерілгенде тәрбиеші: «Міне, көрдіңдер ме,
маймылдар қалай ағашқа өрмелеп кетті! Ал енді қайтадан төмен түсіңдер», - дейді.
Балалар жоғары қарай өрмелеп және төмен қарай түскенде әрбір баспалдақты
басуын міндетті түрде қадағалау керек.
Әр түрлі қимылды ойындар.